Еңбекмин "көпбалалы отбасылар жәрдемақыдан қағылуы мүмкін" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы 16 шілдеде "алты баладан кем баласы бар көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыдан қағылуы мүмкін" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, бірқатар БАҚ, ақпараттық топтар мен әлеуметтік желі парақшаларында қолданыстағы заңнамаға сәйкес алты және одан да көп балалы отбасылар ғана көпбалалы отбасы болып саналады деген жалған ақпараттар тараған. 

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі берілетінін хабарлайды", делінген министрлік хабарламасында.

Мұндай отбасыларға табысына қарамастан ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Көпбалалы отбасыларға төленетін төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2025 жылы:

Сонымен қатар, 6 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген, "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқалары бар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға мынадай мөлшерде ай сайынғы жәрдемақы төленеді:


"Азаматтардан тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуін сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз",- дейді Еңбек министрлігі.

Бұған дейін 2025 жылдың басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 327,5 млрд теңге бөлінгені хабарланған

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды