Қостанайдағы дәрігерге шабуыл жасаған оқиғаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі дәрігерді соққыға жыққан оқиға жайлы толық ақпарат берді. Zakon.kz тілшісінің хабарлауынша, ер адам диагнозды нақтылау үшін келгенімен, өзін агрессивті түрде ұстаған.

Пациенттерді қабылдайтын кабинетте бейнекамера жоқ. Алайда оқиға өзге науқастардың көз алдында болған.

"Аурухана дәлізінде шұғылдық деңгейіне байланысты еденде арнайы аймақтар белгіленген. Шабуыл жасаған пациент сары сызықтың ар жағында тұрған, бұл — оның диагнозды нақтылауы қажет екенін білдіреді. Дәрігер күрделі отадан кейін түсіп келген. Кезекте үшінші тұрған пациент кенеттен агрессия танытып, дәрігерге жұдырық жұмсады. Куәгерлер — өзге науқастар", – деді Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Оның айтуынша, соққы жасалған сәтте кабинет есігі ашық тұрған, ал сыртта бірнеше пациент күтіп отырған. Агрессия танытқан ер адам дәрігердің басына соққы беріп, салдарынан дәрігер есінен танып қалған.

"Қазіргі уақытта хирург ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл – төтенше жағдай. Бір дәрігерге жасалған шабуыл – бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне шабуыл. Адам өмірін құтқаруға келген маман өзінің амандығы туралы емес, алдымен пациент жайлы ойлауы керек. Біз әділ және шынайы тергеуге сенеміз. Тағы да пациенттерге үндеу жасаймыз: бізге денсаулығымызды қайтаратын мамандарға құрметпен қарауымыз керек. Мұндай жағдай өркениетті қоғамда болмауға тиіс", – деп қосты баспасөз хатшысы.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін