Маңғыстауда күшті әсер ететін дәрілерді сатқан фармацевтер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рецептісіз есірткі құрамындағы дәрілерді сатқан дәріхананы анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту барысында полиция қызметкерлері 150 блистер "Алис" препараты мен 48 құты "Тропикамидті" тәркіледі.

Заңсыз саудамен айналысқан фармацевтермен қатар, бұл дәрілерді сатып алған үш жергілікті тұрғын да ұсталды.

"Анықталғандай, дәріхана жеке кәсіпкерлікке тиесілі және фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы бар. Күшті әсер ететін дәрілерді рецептісіз сату фактісі бойынша жиналған материалдар тиісті шаралар қабылданып, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жолданады", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті