Ақтауда 11 қабатты үйдің төбесінен жалаңаш ер адам құлап кетті

Сурет: Zakon.kz
Қайғылы оқиға бүгін, 2025 жылғы 20 шілдеде Ақтаудың 5-шағын ауданында болды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ер адамға көмек көрсетуге тырысқанымен, үлгермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы — "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", - деді құқық қорғау органдары.

Ер адам медициналық көмек келіп үлгермей жатып, оқиға орнында көз жұмған.

Еске салайық, бұған дейін, 19 шілде күні кешке Павлодарда үшінші қабаттағы ортақ балконнан 9 жастағы бала құлап кеткенін хабарлаған едік.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін