Димаш Құдайберген ең асқақ арманы туралы айтты

Сурет: dimashnews.com
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қырғызстандық жанкүйерлерімен жүздесуде өзінің ең үлкен арманы туралы айтты. Әнші әлемде бейбітшілік пен балалардың көзіндегі қорқыныштың жойылғанын қалайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш ұлттар арасындағы араздыққа жол бермеуге үндеді.

"Менің басты арманым – бұл лозунг сияқты естілетін шығар, бірақ менің ең шынайы арманым – мен әлемде бейбітшілік, теңдік орнағанын және сәбилердің көздерінде үрейге толы көз жастары болмағанын армандаймын. Менің жүрегімде дәл осындай арман бар. Ендеше, үлкендер ретінде біз де, сіздер де бір-бірімізге шынайы сүйіспеншілік танытып, өзара түсіністік пен қолдау көрсетейік. Ұлттар арасындағы араздыққа жол бермейік. Кеше сахнада айтқанымдай, мен өз басым ең бірінші, елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға назар аударамын. Әнші, шығармашылық тұлға ретінде елдер арасындағы мәдени дипломатияға белсене атсалысқым келеді. Себебін сұрасаңыз, мысалы жоғарыда айтқанымдай, қырғыз бауырларымыздың тарапынан алауыздық тудырып жатқан адам пайда болса, қырғыз тарапы оны тоқтатуы керек. Егер қазақтар тарапынан болса, онда біз, қазақтар, мұны істе жол бермеуіміз керек. Қазақ елі қырғыздың қайғысына, қырғыз халқы да қазақ халқының қайғысына ортақтасып, дәл солай, қырғыздар қазақтың, қазақтар қырғыздың қуанышына қуанса екен деп тілеймін. Екі ел "бір-бірінің шашбауын көтеріп жүрсе", бұдан артық бақыт болмас…", - деді Димаш.

Қырғызстанның халық әртісі атанған Димаш Құдайберген хейтерлердің сынына жауап берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті