Instagram арқылы 1,3 млрд теңге жинап, жеке қажеттілігіне жұмсаған: Тотақановтар отбасы күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Астанада Тотақановтар отбасына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар 2020–2024 жылдар аралығында Instagram желісіндегі @altair_tota парақшасы арқылы баласының ауруына байланысты деп жалған ақпарат таратып, қазақстандықтардан қайырымдылыққа ақша жинаған.

Астана сотының хабарлауынша, жиналған 1,3 млрд теңгеден астам қаражат негізінен жеке мақсаттарға – құмар ойындарға, сәнді киімге, шетелге сапарларға және басқа да тұтынушылық шығындарға жұмсалған. Ақша аударымдары Тотақанованың, анасының және 2021 жылы қайтыс болған әжесінің атына тіркелген шоттар арқылы жүргізілген.

Қазіргі таңда оларға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (“Алаяқтық”) және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (“Заңсыз кірістерді заңдастыру”) бойынша айып тағылды. Іс Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі