Ақтөбеде мешіт ауласында орын алған оқиғаға қатысты ҚМДБ пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында орын алған оқиғаға қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында орын алған оқиғаға қатысты түрлі пікірлер таралуда. Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы. Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес.ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз". Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Айта кетсек, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Ақтөбе мешіттерінің бірінің ауласында қыз балаға қырындаған ер адамның видеосы тараған. Аталған жайтты назарға алған полиция ер адамға қатысты хаттама толтырды. Қазір іс сотқа жолданғаны белгілі.  

Ақтөбе
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы