ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қымбат мүлік пен көлікке салынатын салық тәртібін түсіндірді

Сурет: freepik
2025 жылғы 1 тамызда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексіндегі қымбат мүлік пен көлікке салынатын салыққа қатысты нормаларды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәлімдегендей, жаңа Салық кодексінде жеке "сән-салтанат салығы" (яғни байлыққа салынатын салық) енгізу қарастырылмаған. Алайда құжатта жекелеген жеке тұлғалардың жоғары құнды мүлкіне салық салу тәртібі бекітілген.

Атап айтқанда, мынадай мүлік түрлеріне арнайы мөлшерлемелер бойынша салық және (немесе) акциз салынады:

Жылжымайтын мүлік құнын қалай анықтайды?

"Жеке тұлғалардың салық салу мақсатындағы жылжымайтын мүлік нысандарының құнын есептеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады. Әдетте, бұл бағалау нарықтық құннан едәуір төмен болады", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге салық заңнамасындағы өзгерістермен алдын ала танысып шығуды, қажет болған жағдайда Мемкіріс органдарынан кеңес алуды ұсынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды