Астанада әйел беліне дейін батпаққа батып қалған

Сурет: polisia.kz
Астана полициясына жергілікті тұрғын жүгінді. Ол өзінің 33 жастағы әпкесі жоғалып кеткенін айтқан. Оның сөзінше, әпкесі танысымен бірге қала сыртында демалуға кеткен және бір тәуліктен бері үйіне оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғалған әйелді іздеу бойынша бағдар барша полиция бөлімшелеріне дереу жолданды.

Анықталғандай, таза ауада демалып отырған сәтте әйел танысымен сөзге келіп, сол жерден жаяу кетіп қалған. Кейін, түнгі 11-ден кейін оның телефоны сөндірулі болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақмола облысы ТЖД мамандарының бірлескен жұмысы нәтижесінде, бір тәуліктен соң жоғалған әйел табылды. Ол беліне дейін батпаққа батып қалған.

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, қызды лайдан шығарып алған соң дәрігерлерге тапсырды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында жоғалған әйел тірі және дін аман табылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі