Павлодарда клиникалық өлім жағдайында болған зейнеткер аман қалды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда клиникалық өлім жағдайында болған зейнеткер аман қалды. Оқиға 4 тамыз күні кешкі сағат 19:00 шамасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай Павлодардағы бау-бақша қоғамдарының бірінде орын алған. Шұғыл шақыртуды қабылдаған "103" қызметі дереу оқиға орнына жеткен.

Олардың айтуынша, 65 жастағы ер адамда жүрек ырғағының бұзылуы мен қарыншалық тахикардия анықталған.

Медицина қызметкерлері уақыт жоғалтпай реанимациялық шараларды қолға алып, нәтижесінде ер адамды аман алып қалған. Кейін ол Павлодар қалалық №3 ауруханаға жеткізілді.

Жыл басынан бері бұл – Павлодар облысында жедел жәрдем қызметкерлері жүргізген 13-сәтті реанимация.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды