Қызылордада полиция жарты келіден астам мефедрон тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Қызылордада "Қарасора – 2025" жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер жарты келіден астам мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, шілде айында Қызылорда облысы аумағында аталған шара барысында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ІІМ-нің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, Toyota Sienna автокөлігін тоқтатқан.

"Элай атты арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен көлік жүксалғышындағы чемоданнан ақ түсті ұнтақ зат салынған алты полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысы бойынша, жалпы салмағы 1496,79 грамм болатын бұл зат синтетикалық есірткі – мефедрон екені анықталды. Күдікті Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Қызылорда облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Жалпы, шара басталғаннан бері Қызылорда облысында 70 есірткі қылмысы тіркелген. Заңсыз айналымнан 898 келі 794 грамм есірткі заты тәркіленді.

Оның ішінде: 5 келіден астам марихуана, 8 келі 794 грамм есірткілік өсімдіктер және 2 келі 301 грамм синтетикалық есірткі бар.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті