Степногорск тұрғынын Балқаштағы демалысты брондау кезінде алаяқтар алдап кетті

Сурет: pixabay
Ақмола облысында интернет-алаяқтықтың жаңа фактісі тіркелді: Степногорск тұрғыны Instagram арқылы демалыс орнына бронь жасаған кезде алданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 6 тамызда Степногорск полиция басқармасына 45 жастағы әйел арызданған.

Оның айтуынша, 4 шілдеде Instagram парақшасынан Балқаш көлінің маңындағы демалыс үйлерін жалға беру туралы хабарландыру көріп, сол парақшаның әкімшісімен хат алмасқан.

"Жәбірленуші алты күнге тұрғын үйді брондау үшін жалпы сомасы 82 мың теңге болатын үш төлем жасаған. Алайда алдын ала төлем жіберілгеннен кейін байланыс үзіліп, бронь расталмаған", - деп хабарлады полиция.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлға анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысының полициясы азаматтарды интернет арқылы тұрғын үй немесе қызметтерді брондағанда сақ болуға үндеді.

Парақшаның түпнұсқалығын, ресми сайттар мен лицензиялардың бар-жоғын мұқият тексеріп, расталмаған тұлғаларға алдын ала ақша жіберуден бас тартуға кеңес берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек