Атырауда екі жасар сәби кір жуғыш машинаға қысылып қалды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Атырау облысы Құрманғазы ауданында 2 жасар сәби кір жуғыш машинаның ішіне кіріп, қайта шыға алмай қалған. Оқиға аудан орталығы – Құрманғазы ауылында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай кезінде баланың жанында болған анасы оны өздігінен шығара алмаған. Абдыраған ана дереу құтқарушыларға хабар берген.

Оқиға орнына жылдам жеткен төтенше жағдайлар қызметі сәбиді сабырға шақырып, арнайы құралдардың көмегімен қауіпсіз түрде шығарып алды. Абырой болғанда, бала ешқандай жарақат алмаған.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға тағы бір мәрте ескерту жасады:

"Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар! Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін үнемі қадағалауда ұстаған жөн", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді