Алматылықтарға ескерту: Яссауи көшесі 20 тамызға дейін жабылады

Сурет: Zakon.kz
Алматының Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы 7 тамызда мегаполис әкімдігі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Достық шағын ауданының аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 8 тамыз бен 20 тамыз аралығында Яссауи көшесі кезең-кезеңімен толық шектеледі:

3-кезең: Абай даңғылынан Ұлағат көшесіне дейін

4-кезең: Ұлағат көшесінен Ақбақай көшесіне дейін

5-кезең: Жеті жарғы көшесінен Науметов көшесіне дейін

6-кезең: Тағзым көшесінен Ш. Қажығалиев көшесіне дейін

Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жердің тығыз тасты құрылымына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау (КББ) әдісін қолдануға мүмкіндік бермейді.


"Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды