Алматыда алдағы аптада аптап ыстық болады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz-ке алдағы аптаға алдын ала болжам ұсынды. "Қазгидромет" деректеріне сәйкес, жеті күн бойы Алматыда кей жерлерде нөсер жауын жауып, шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды.

Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, жұмыс аптасының басында мегаполисте ыстық ауа райы сақталады, бірақ қалада өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Алматы бойынша 2025 жылғы 9–15 тамызға арналған ауа райы болжамы:

9 тамыз: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°.

10-11 тамыз: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°.

12 тамыз: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +20…+22°, күндіз қатты ыстық +34…+36°.

13 тамыз: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +22…+24°, күндіз қатты ыстық +35…+37°.

14 тамыз: Ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде +23…+25°, күндіз +31…+33°.

15 тамыз: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с. Түнде +18…+20°, күндіз +27…+29°.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды