Алматыда терезе жуып жатқан әйел кондиционердің кронштейніне ілініп қалған

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматыда бесінші қабаттан ілініп қалған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының 112 қызметіне Алғабас ықшам ауданындағы 12 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында терезе жуып жатқан әйелдің сыртқы кондиционер кронштейніне ілініп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Әйел қолымен терезе жақтауын ұстап, қозғалыссыз тұрған. Құлап кету қаупі туындаған.

"Шұғыл түрде ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жіберілді. 112 қызметінің диспетчері куәгер арқылы әйелге сабыр сақтап, орнынан қозғалмауын өтінді. Құтқарушылар арнайы автосатыны пайдаланып, биіктікке көтеріліп әйелге жетті", - делінген хабарламада.

Оны қауіпсіз түрде төмен түсіріп, дәрігерлерге тапсырды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды