"Қолында қазақтың ұлттық білезігі бар!" Дженнифер Лопестің әшекейі қызу талқыланып жатыр

Сурет: Instagram/jlo
Бүгін, 2025 жылғы 12 тамызда "Астана Концерт" компаниясының қазақстандық продюсері Мәлік Хасенов Дженнифер Лопестің гастрольдік марафоны аяқталғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бірақ оның үндеуіндегі ең қызық жайт – поп-диваның зергерлік бұйымды сыйлық ретінде алып жатқан сәті түсірілген видео болды.

Хасеновтың айтуынша, кейінгі бірнеше апта бойы әлемдік жұлдыздың Қазақстандағы алғашқы концерттік туры қызу талқыланып жатыр.

Осыдан кейін әңгіме зергерлік бұйымдарға ауысты.

"Қазақстандағы гастрольдер аяқталған соң Дженнифер Лопеске мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұсынған қазақтың ұлттық зергерлік жиынтығы сыйға тартылды", - деп атап өтті Хасенов.

Америкалық әнші бұл сыйлықты бір бұрышқа қойып қоймай, Instagram-дағы парақшасында жаңа фотоларын бөлісті. Суреттерде ол ұлттық қазақ әшекейлерін тағып, ерекше көрініп тұр.

Желі қолданушылары бірден әртістің қолына назар аударды:

Айта кетейік, 2025 жылғы 10 тамызда Алматыда өткен Лопестің шоуына 20 мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында 35-тен астам елден келген қонақтар және сегіз мыңнан астам шетелдік турист болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі