Үкімет Каспий теңізі институтын дамытуға қаржы бөлді

Фото: Zakon.kz
Үкімет резервінен Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" КеАҚ-ны дамыту үшін 305 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Институт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін зерттеу мақсатында құрылды.

Атап айтқанда, ҒЗИ-дің қызмет аясына келесілер кіреді:

Бұдан бөлек, ол төмендегі салаларға бағытталған:

"Үкімет резервінен бөлінген қаражат институтты одан әрі дамытуға бағытталып, гидробиология және гидрохимия, гидрометеорология, спутниктік мониторинг зертханаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын уақтылы әрі тиімді жүргізуге, сондай-ақ институтқа жүктелген өзге де міндеттерді орындауға мүмкіндік береді",- делінген ақпаратта.

Каспий теңізінің Қазақстан тарапындағы жағалауының ұзындығы 2320 шақырым, бұл барлық Каспиймаңы мемлекеттері арасындағы ең ұзын жағалау сызығы.

Айта кетейік, 12 тамызда Қазақстанда Каспий теңізі күні атап өтілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді