Алматының орталығында екі қабатты ғимарат бұзылып жатыр

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Құрманғазы көшесі, 103 мекенжайында орналасқан нысанның бұзылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) нысанды тиісті рұқсат құжатсыз салғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"2024 жылы 23 қыркүйекте басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу жөнінде талап-арыз түсірді. Сот талапты қанағаттандырды. 2025 жылы 20 сәуірде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды", - делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау мақсатында нысан иесі ғимаратты өзі бұза бастады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады