Алматыда Жамбыл көшесіне жол шектеулері енгізіледі

Фото: pexels
Алматыда 45 жыл бұрын салынған жылу желілерін ауыстыру үшін Жамбыл көшесіндегі қозғалысқа шектеу қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 14 тамызда "Алматылық жылу желілері" ЖШС мәлімдеді:

"Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Алмалы ауданында жылу желілерін жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жұмыс барысында 1980 жылы пайдалануға берілген, жалпы ұзындығы 130 метр болатын жылу желілері ауыстырылуда. Осыған байланысты 15 тамыз сағат 23:00-ден 18 тамыз сағат 07:00-ге дейін Жамбыл көшесінде Исаев көшесінен Байғанин көшесіне дейін автокөлік қозғалысы тоқтатылады".

Шектеулер аталған көшенің осы бөлігінде жүргін бөлігі астындағы құбыр желісін қайта жаңғырту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жөндеу жүргізу кезінде тұтынушыларға ыстық су беру сақталады.

Сурет: Алматы жылу желілері

Бұған дейін Алматыда ақша толы сейфті ерекше әдіспен ұралған күдікті ұсталғандығын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды