Президент Жетісу облысының әкімін қабылдады: басты назарда не болды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

"Бейбіт Исабаев биылғы бірінші жартыжылдықта өңірге 178 миллиард теңге (өсім – 29,5 пайыз) инвестиция тартылғанын айтты. 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық портфель жасақталып, оған жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 128 жоба енгізілгенін жеткізді. Олардың аясында 10,6 мың жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда, тау-кен байыту комбинаты, "Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы" индустриалды паркі, жел электр стансаларының зауыты, халықаралық әуежай салынады",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, облыс әкімі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы мәлімет берді. Мәселен, биыл облыста 540 мың тонна қызылша жинау және 78 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр.

"Өңірдің көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетінің жай-күйі, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымдарды салу және жөндеуден өткізу туралы баяндады". Ақорда

Бұл ретте, туристік салаға баса назар аударды.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев қант өндірісін одан әрі дамытудың, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етудің, туристік инфрақұрылымды жетілдірудің және демалушыларға қолайлы жағдай жасаудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті