Биылдан бастап "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылады – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 15 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысты. Жиында ол "Отбасы – мектеп – мемлекет" үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болатындығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез келген қоғамның қос тұғыры. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.

"Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Ұлы Абай "Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ" деген. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет. Ұл-қыздарымыз жақсы мен жаманның, ақ пен қараның арасын ажырата білуі керек",- деді ол.

Сондай-ақ, ол биылдан бастап елімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырыла бастайтындығын атап өтті.

"Бұл бағдарламаны барлық мектеп, соның ішінде жекеменшік мектептер де қолданады. Сондай-ақ, мен осы жобаны педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарына да енгізуді ұсынамын. Ұлттық білім саласындағы тәрбие жұмысында біртұтас жүйе болуы керек. Жас ұрпақтың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіру қажет. Әрбір жас отаншыл, жасампаз, жаңашыл, білімпаз, еңбекқор, ұқыпты, үнемшіл болып өсуі керек. Сондай азаматтар ғана мәдениетті, қауіпсіз әрі "Заң мен тәртіп" үстемдік құратын қоғамның іргесін қаламақ",- делінген Ақорда ақпаратында.

Тоқаевтың пікірінше, ұрпақ тәрбиесінде ата-ана, мұғалім және мемлекеттік органдар бірге жұмыс істеуге тиіс. Себебі, жауапкершілік бәріне – ортақ.

"Хакім Абай да "Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады" деп айтқан. "Отбасы – мектеп – мемлекет" үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болады. Ал бұл үштіктің өзегінде – еңбекқорлық идеясы болуға тиіс. Жас ұрпаққа еңбексіз ешқандай игілік болмайтынын үнемі түсіндіріп айту керек. Қоғамда масылдыққа жол бермеу қажет. Себебі, бұл жол тек тығырыққа тірейді". Мемлекет басшысы

Ол "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы – осы бағыттағы нақты шараның бірі екенін атап өтті.

"Мен бұған дейін де айттым. Таза Қазақстан дегеніміз – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес. Әрине, ол да маңызды. Сонымен бірге, бұл – ой-сана тазалығы деген сөз. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады. Қолы таза адам жемқорлыққа бармайды, адал болады. Асыл қасиеттерді бойына сіңірген нағыз адал азаматтар Әділетті Қазақстанның тірегі болатыны сөзсіз",- деді ол.

Бұған дейін елімізде соңғы төрт жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе өскендігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты