Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс – Тоқаев

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысты. Онда ол мектептегі қауіпсіздікке қатысты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Тоқаев мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс екенін баса айтты.

"Зорлық-зомбылыққа, әлімжетікке, яғни буллингке, қатігездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек. Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзіреті кеңейді.

Сондай-ақ, президент тағы бір өзекті мәселеге тоқталып өтті. Оның сөзінше, балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте "111" психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды.

"Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы "ДосболLIKE" атты бағдарлама іске қосылады. Негізгі мақсат – балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады. "Не ексең, соны орасың" деген. Қазір біз бір қоғам болып жас ұрпақтың бойына қандай құндылықтарды сіңірсек, ертең ондаған жылдан кейін ұлтымыздың сапасы да сондай болмақ. Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі мектепте қаланады",- деді ол.

Бұған дейін президенттің "Заң мен Тәртіп" қағидасы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болуы керек екендігін айтқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті