Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы 17 тамызда Zakon.kz сайтына Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ұшақ құлағаннан кейін өрт шықпаған.

"Екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады департамент.

Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы жеке меншікке тиесілі UP-LA-229 маркалы аса жеңіл ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы