Алматының бір ауданында суық су уақытша өшіріледі

Сурет: pexels
Алматының Жетісу ауданында суық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы Су" МКК мәліметінше, су құбыры нысандарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар аясында технологиялық жабдықтарды ауыстыру жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты 2025 жылғы 28 тамыз күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Құлагер ықшамауданында келесі мекенжайлар бойынша суық су беру уақытша тоқтатылады: № 25, 26, 27, 29, 31, 33, 34, 42, 70, 71, 73 үйлер.

"Алматы Су" мекемесі келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды және тұрғындардан жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға түсіністікпен қарауды өтінеді, - деп мәлімдеді ұйым.

Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы білуге болады.

Бұған дейін Алматыда су құбыры және кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Яссауи көшесі бір айға жуық уақытқа жабылған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты