Қарағандыда зергерлік бұйымдарды ұрлаумен айналысқан ер адам ұсталды: видео

Сурет: polisia.kz
Қарағанды полиция басқармасының Октябрь бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері зергерлік бұйымдарды ұрлаумен айналысқан ұрыны құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға 36 жастағы қала тұрғыны пәтерінен алтын әшекейлердің қолды болғаны жөнінде арызданған.

Тергеу барысында күдікті пәтерге терезе мен балконнан кіріп, жалпы құны 675 мың теңге болатын әшекейлерді ұрлағаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, бейнебақылау камераларының жазбалары талданды. Нәтижесінде 30 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Оның айғақтары бойынша ұрланған әшекейлер қаладағы ломбардтардың бірінен тәркіленді.

Сонымен қатар тергеу кезінде күдікті тағы бір пәтер ұрлығына қатысы барын мойындады. Ол кезде ол 28 жастағы тұрғынның пәтеріне балкон арқылы кіріп, 300 мың теңгеден астам мүлікті ұрлап кеткен.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып, күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды