Қазақстандықтар Ф-2 анықтамасын қайдан және қалай ала алады

Фото: gov4c.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) 2025 жылдың 21 тамызында қазақстандықтар Ф-2 анықтамасын қайдан және қалай ала алатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство Ф-2 (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілде болу, тыйым салу) жоқтығы туралы анықтаманы eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында алуға болатынын атап өтті.

Анықтаманы Gov Mobile мобильді қосымшасында алу үшін:

  1. Авторизациядан өтіңіз;
  2. "Мемлекеттік қызметтер" – "Жылжымайтын мүлік және ТКШ" бөлімін таңдаңыз;
  3. "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және жеке тұлғалар үшін оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат (2-Нысан)" қызметіне өтінім беріңіз;
  4. Анықтаманы кімге алып жатқаныңызды көрсетіңіз;
  5. Қажетті жолдарды толтырыңыз;
  6. Өтінімге қол қойыңыз;
  7. Қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысыңыз.

Бұған дейін оқушыны бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы қалай ауыстыруға болатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды