Абай облысындағы жантүршігерлік жол апаты: зардап шеккен қыз санитарлық авиациямен Семейге жеткізілді

Сурет: pexels
Санитарлық авиация борты Абай облысында болған жол апатынан зардап шеккен үшінші баланы Семейге жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақат алған. Екі зардап шегуші Астанаға жеткізілді, тағы бір қыз аудандық ауруханада қалған еді. 23 тамызда ол санитарлық авиациямен Семей медицина университетінің госпиталіне қарасты балалар бөліміне жеткізілді.

"Ауыр жарақаттары мен өміріне төнген қауіпке байланысты баланы бірден облыс орталығына жеткізу мүмкін болмады. Дәрігерлердің тұрақты бақылауынан және тексерулерінен кейін жағдайы әуе тасымалына жарамды деп танылып, Семейге көшіру туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеді Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Алғашқы күннен бастап Семей медицина университеті госпиталі дәрігерлері Үржар аудандық ауруханасында медициналық көмек көрсетіп, баланы облыс орталығына жеткізуге дейін бақылап отырды.

Қазіргі таңда қыз анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде ем алып жатыр. 

Еске салайық, қайғылы жол апаты 2025 жылғы 19 тамызда сағат 16:00 шамасында Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында болған. Алдын ала деректер бойынша, Toyota көлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан 10 метр қашықтықта тұрған алты баланы қағып кеткен. Оқиға салдарынан екі бала оқиға орнында, тағы бірі медициналық мекемеге барар жолда көз жұмған. Қалған үшеуі түрлі жарақатпен ауруханада жатыр.

Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама оның жол апаты кезінде мас болмағанын көрсетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Абай облысына Қорғаныс министрлігінің әскери-транспорттық ұшағымен астаналық дәрігерлер – нейрохирург, травматолог және реаниматолог аттанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді