26 тамызда Алматының бірқатар бөлігінде суық су өшіріледі

Фото: freepik
Алматыда су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылғы 26 тамыз, сейсенбі күні уақытша суық су өшірілетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШЖҚ "Алматы Су" МКК мәліметіне сүйенсек, 26 тамызда сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарының бөлігіндегікөшелер контурында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:

Сондай-ақ, мамандар жұмыстарды орындау кезеңінде шектеулер енгізілетін Алтынсарин даңғылы-Шаляпин көшесі-Саин көшесі-Абай даңғылы аймақтарында қысымның төмендеуі күтілуде екенін ескертті.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне 274-66-66 хабарласуға болады.

Бұған дейін 25 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз