"Қайрат" – "Селтик" матчы: Алматының қай көшелерінде қозғалыс шектеледі

Сурет: polisia.kz
"Қайрат" – "Селтик" матчы кезінде қоғамдық тәртіпті 2 мыңға жуық полицей қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Қайрат" (Алматы) пен "Селтик" (Глазго) футбол клубтары арасындағы маңызды ойын барысында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шамамен екі мың полиция қызметкері жұмылдырылады.

"Көрермендер санының көп болуы күтілуіне байланысты полицияның біріккен күштері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Негізгі назар қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеуге аударылады", - делінген хабарламада.

Арнайы қызмет көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету және жолдағы кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылының Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелері аралығындағы учаскесінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екені де айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда "Қайрат" – "Селтик" матчының жанкүйерлеріне тегін автобустар ұйымдастырылатынын хабарлаған едік.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы