Қазақстанға мигранттар көбіне қай елдерден келеді

Фото: pexels
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) бүгін, 2025 жылғы 26 тамызда, елімізде қанша шетел азаматы еңбек қызметін атқарып жүргенін, олардың қандай лауазымдарда істейтінін және қай елдерден келгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 130 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 3 786 және 904 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 889 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 744 адам тартылды.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  1. Қытай – 5 120 адам,
  2. Өзбекстан – 2 478 адам,
  3. Түркия – 1 042 адам,
  4. Үндістан – 1 031 адам.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 899 жұмыс беруші бар. Оларда 348 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін еске салды.

2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап маусымдық шетелдік жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесінің кеңеюіне байланысты министрдің бұйрығымен жалпы квота республикадағы жұмыс күші санына қатысты 0,25% немесе 19,4 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Бұған дейін Қазақстанда арнайы мемлекеттік жәрдемақыны кімдер алатындығын және ол не үшін төленетіндігін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты