Жетісу облысында тұрғын үй құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі тіркелді

Фото: Zakon.kz
ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті тұрғын үйлердің құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2021 жылы тапсырыс беруші мен мердігер ұйым арасында жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге екі көпқабатты тұрғын үй салуға келісімшарттар жасалған.

"Алайда қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қарамастан, бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары іс жүзінде атқарылмаған. Жоспарланған тоғыз қабаттың тек жетеуі ғана тұрғызылған, жылыту, сумен жабдықтау, электр жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген, сонымен қатар сыртқы әрлеу жұмыстары жоқ. Осылайша, құрылыс аяқталмай, нысанды пайдаланысқа беру мерзімдері бұзылған",- делінген ақпаратта.

Мемлекетке келтірілген шығын 152 млн теңгеден асқан.

Сот санкциясымен құрылысшы компанияның мүлкіне тыйым салынды.

"Іс бойынша күдікті ретінде мердігер ұйымның директоры және құрылысқа техникалық қадағалау жасаған компания қызметкерлері танылды". ҚМА

Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін Қазақстанға мигранттардың көбіне қай елдерден келетіндігін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты