+41°C ыстық және жаңбыр: 28 тамызда Қазақстанды ауа райы қандай болады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, ертең, 2025 жылғы 28 тамызда батыс антициклонының ықпалынан елдің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда, мамандардың мәліметінше, елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста және солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Күндіз Жетісу облысында қатты аптап ыстық сақталады.

Ауа температурасы:

Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында, Қостанай облысының батысында, Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының шығысында, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады