Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары мал ұрлады деген күдікпен ұсталды

Сурет: polisia.kz
16 тамызда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен ұсақ мал ұрланғаны туралы полицияға хабарлама түсті. Белгісіз адамдар түнгі уақытта қораға заңсыз кіріп, жасырын түрде 15 қойды алып кеткен. Жәбірленуші келтірілген материалдық шығынды 1 млн 200 мың теңгеге бағалады.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтады. Олардың екеуі – ауыл тұрғыны, ал үшіншісі Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында 20 және 22 жастағы екі ауыл тұрғыны облыс орталығындағы танысының жүк көлігі арқылы ұрланған малды Ақтөбеге жеткізгені белгілі болды. Олар ұрланған қойлардың төртеуін сойып, етін қала дүкендерінің біріне 220 мың теңгеге сатып жіберген. Қалған қойларды күдіктілердің бірі Ақтөбедегі танысының үйіне апарған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция ұрланған малдың етін және бас сүйектерін тәркіледі.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, күдіктілер мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі