Алматыдағы тергеу изоляторына тағамның ішіне телефон жасырып өткізбек болған

Сурет: polisia.kz
Алматыдағы тергеу изоляторында тағамның ішіне телефон жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 жастағы Д. деген азамат тергеу изоляторындағы танысына тамақ әкеліп, тағаммен бірге Xiomi және Samsung екі телефонын өткізбек болған.

"Алайда режим және күзет бөлімі мамандарының қырағылығы нәтижесінде, оның заңсыз әрекеті іске аспай қалды", - деп хабарлады полиция.

Тергеу тұтқынындағы 37 жастағы азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 және 62-баптары бойынша ұсталып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Соттың үкімі әлі күшіне енбегендіктен тергеу изоляторында жатқан М-ға тыйым салынған затты өткізбекші болған Д-ның әрекеті бойынша материал жинақталып, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша жаза қолдану үшін Алматы мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі