Алматыда жол апаты көбейді: жыл басынан бері 45 адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны едәуір артты. Жыл басынан бері қалада 4 мыңнан астам апат тіркеліп, салдарынан 5 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полициясының мәліметінше, 45 адам қаза тапты.

Полицияны, әсіресе, балалардың қатысуымен болған жол апаттарының өсуі алаңдатып отыр. Мұндай оқиғалардың саны шамамен 60% көбейген.

"Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жылдамдықты асыру, арақашықтықты сақтамау, маневр жасау және жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу. Бұл жағдайлардың барлығын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтай отырып, болдырмауға болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді барынша сақ болуға шақырамыз. Есіңізде болсын: рөлде отырған әрбір адам тек өз қауіпсіздігіне ғана емес, айналасындағылардың өміріне де жауап береді", - деді Алматы полиция департаменті Анықтау басқармасы бөлімінің бастығы Ержан Шайхиев.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды ережені бұлжытпай орындауға және саналы әрекет етуге үндеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз