Руслан Берденов қызметінен кетті

Сурет: gov.kz
Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Берденов өзінің өтініші бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 2025 жылғы ақпан айынан бері атқарып келген.

Руслан Берденов 1985 жылдың наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін "Ңскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы "Procter & Gamble LLP" компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары “EASTCOMTRANS" ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары "Ақ ниет" ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары "Aq Niet Group" бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 

2023 жылдың наурызынан қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

Еске салайық, 2025 жылы 21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қалалық әкімдік ғимаратының жанында қарулы шабуыл жасалып, оған бірнеше рет оқ тиген. 

Оған оқ отқан күдікті Ернар Жиембай 20 тамызда 9 жылға сотталды.


Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды