30 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде екпінді жел, найзағай, бұршақ және өрт қаупі күтіледі

Сурет: pixabay
30 тамыз күні Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде қатты жел, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болжануда. Сондай-ақ, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 30 тамызда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 30 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 30 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 30 тамызда солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 30 тамызда солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 30 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 30 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 30 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 30 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 30 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 30 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 30 тамызда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 30 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 30 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 30 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 30 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады Қостанай қ.: 30 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 30 тамызда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты