Ұлытау облысында Конституциясының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі
Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды. Олардың қатарында "Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін" медалі, "Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл" мерекелік медалі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғысхаттары, сондай-ақ Ұлытау облысының Құрмет грамоталары бар.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Марапаттарды өңір әкімі Дастан Рыспеков табыстап, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

"Конституциямыз қабылданған жылдар ішінде еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуіне берік негіз болды. Конституция қағидаттарына сүйене отырып, Қазақстан саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік-экономикалық өрлеуге қол жеткізді. Бүгінде Ұлытау өңірі де осы игіліктерден тыс қалған жоқ. Облысымызда халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік саланы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда", - деді өңір басшысы.

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Сурет: Ұлытау облысының әкімдігі

Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, онда жергілікті өнерпаздар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті