Алматы облысындағы өрт: үш адамның мәйіті табылды

Сурет: pixabay
30 тамыз күні сағат 15:50-де Қарасай ауданындағы Тұрар ауылы маңында 30 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Әлеуметтік желілерде өрт орнынан үш күйген мәйіт табылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Zakon.kz Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне жүгінді.

Ведомствоның мәліметінше, өрт құрғақ шөптен жеті саяжай үйіне және жалпы аумағы 531 шаршы метр болатын алты шаруашылық нысанына, сондай-ақ Honda Civic автокөлігіне, 132 шаршы метрлік қора-қопсы мен шаруа қожалығы және 80 шаршы метрлік тұрғын үйге тараған.

"Алғашқы бөлімшелер келген кезде барлық құрылыс толықтай жалынға оранған болатын. Өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД, Алматы қалалық ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың жалпы күштері мен құралдары жұмылдырылды: 27 адам және 10 техника. Алматы облысы ТЖД бөлімшелерінің жедел іс-қимылының арқасында өрт сағат 00:20-да оқшауланды", - деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ ведомство өрт орнынан үш адамның күйген мәйіті табылғанын растады.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі