Өскеменде автокөлік көпірінің бір бөлігі опырылып түсті

Сурет: instagram/akimatoskemen
Өскеменде бүгін, 2025 жылғы 1 қыркүйекте Шнайдар автокөлік көпірінің бір бөлігі опырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына барлық қажетті қызмет пен жедел әрекет ететін арнайы бөлімше жіберілді. Қазір оқиғаның салдарын жою бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Кейінгі үш күн бойы қалада нөсер жаңбыр жауды, соның салдарынан Үлбі өзенінің деңгейі көтерілді. Көпір қысқа мерзімде қалпына келтіріледі", - деді қала әкімі Алмат Ақышев.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер қыркүйектегі ауа райына болжас ұсынған еді. Оған сәйкес, күздің алғашқы айында Қазақстанда аяз, қар аралас жаңбыр және +40°С-қа дейінгі аптап ыстық күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы