Қарағандыда оқу жылының алғашқы күнінде лицей-интернаттан өрт шығып, балалар эвакуацияланды

Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда жаңа оқу жылының алғашқы күні – 2 қыркүйекте, Ақтөбе көшесінде орналасқан үш қабатты лицей-интернат ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт шатырдағы ағаш қаптамадан тұтанып, 15 шаршы метрді шарпыған.

Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтап, оның таралуына жол бермеді. Құтқарушылар келгенге дейін ғимараттан 270 адам, соның ішінде 240 бала өздігінен эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Ведомство өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңызды екенін еске салды.

Бұған дейін Алматыдағы техникалық байқау станциясындағы ірі өрттің сөндірілгенін хабарлаған едік.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді