Автокөлікті толық қараңғылау және жылдамдықты төмендету: ІІМ позициясы белгілі болды

Сурет: pexels
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2025 жылғы 3 қыркүйекте Мәжілісте өткен брифингте ведомствоның Қазақстанда автомобильдердің алдыңғы және бүйір әйнетерін қараңғылауды заңдастыру жөніндегі ұстанымын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ержан Сәденов ІІМ Қазақстанда автомобиль әйнектерін қараңғылауды қайта қарау ұсынысына үзілді-кесілді қарсы екенін атап өтті.

"Қазір бізде рұқсат етілген норма бар. Артқы терезелерді қараңғылауға болады – зауыттық стандарттар бар. Ал, барлық әйнектерді қараңғылау қауіп туғызады. Біз бұған қарсымыз, мұндай заң жоқ және мұндай ұсыныстар болған жоқ", – деді ол.

Сондай-ақ журналистер министрдің қалаларда жылдамдықты төмендету туралы ұсынысқа қалай қарайтынын сұрады. ІІМ басшысының айтуынша, мұндай мәселе күн тәртібінде қарастырылмаған.

"Егер қала шегінде айналма жолдар болса, онда 80 км/сағ қозғалыс қарқындылығв рұқсат етілген, осы арқылы кептелістер болмайды. Біз жағдайға байланысты шешетін боламыз және ол әр жерде әр түрлі", – деп толықтырды Ержан Сәденов.

Бұған дейін Алматыда жаңа автобус бағыты ашылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз