Қазақстанның кейбір өңірінде 4 қыркүйекте бұршақ түсіп, үсік жүретіні болжанады

Сурет: X/@Lhunonthemoon
Алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстанның кейбір өңірлерінде найзағай ойнап, кей тұста нөсер жаңбыр жауатыны, сондай-ақ бұршақ түсіп, үсік жүретіні, жел қатты екпін алатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, солтүстікте, оңтүстік-батыста, батыста бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін... Республика бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, батыста, еліміздің орталығында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С дейін төмендейді деп күтіледі.

Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық мынандай қауіпті табиғи құбылыстардың болатынын болжайды:

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 3 қыркүйекке арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді