"Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі фототұзақтағы сирек кездесетін кадрлармен бөлісті

Сурет: pixabay
Сартоғай аумағында орнатылған фототұзақ құрылғыларына бірқатар сүтқоректі жануарлар ілікті. Жабайы шошқа, елік, борсық пен шибөрінің сирек кездесетін кадрларымен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік парк мамандары бұл жануарлардың табиғатқа қандай пайдасы бар екенін, сондай-ақ, олардың ерекшеліктері туралы қысқаша мәлімет берді.

"Бұл жануарлар тоғай биоценозының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және экожүйедегі табиғи тепе-теңдікті сақтауда ерекше маңызға ие",- деп мәлімдеді ведомство. 

Бұған дейін қызыл кітапқа енген қар барысы мен қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалғанын жазғанбыз. 

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты