Синоптиктер Астана және тағы екі қала тұрғындарын ескерту жасады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2025 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстанның үш қаласында ауаның ластануының жоғары деңгейі күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қаласында, түнде Астана мен Қостанай қалаларында болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындары ашық ауада жүру уақытын, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерде жүруді азайту керек. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қантамыр, аллергиялық аурулары бар адамдар далада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін қасында ұстауға тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады