Вице-министр ұйықтамай жолға шығатын такси жүргізушілерін сынады

Сурет: pexels
2025 жылғы 15 қыркүйекте Үкімет отырысында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха кейбір такси жүргізушілерін сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Игорь Лепеха заңсыз тасымалдаушыларға қатысты шараларды қатаңдату қажет екенін атап өтті.

"Бұл – өте өзекті проблема. Көп адам қаза табатын ірі жол апаттарының бәрі дәл осыларға байланысты. Пайда қуып, интернет-­такси жүргізушілері ұйықтамай, демалмай жолға шығады. Медициналық тексеруден өтпейді, көліктің техникалық жағдайы да қаралмайды. Сөйтіп адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Әсіресе демалыс маусымында, мереке күндері рейстер жетіспегенде олар ерекше сұранысқа ие болады", - деді ол.

Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап интернет-агрегаторларға тасымалдау талаптарының сақталуын бақылау жүктелген.

Олар мыналарға жол бермеуге тиіс:

"Алайда заң талабы сақталмай отыр: тасымалдаушылар қосымшаларда басқа көліктерді тіркеп, қызметті жүргізуші куәлігі жоқ адамдар немесе оң рөлді шағын автобустар арқылы көрсетіп отыр. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін полицияға мемлекеттік органдар мен интернет-агрегатордың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет", - деді Игорь Лепеха.

Бұған дейін ол Көлік министрлігін еліміздегі жолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізуді жеделдетуге шақырған еді. Оның пайымдауынша, бұл шара жол апаттарынан болатын өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді