Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарын қатаңдатуы мүмкін бе

Сурет: instagram/gov4c.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2025 жылғы 15 қыркүйекте Үкіметтегі брифингіде жүргізуші куәлігін алу емтиханын тапсыру рәсімін қайта қарау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Игорь Лепеханың айтуынша, Қазақстанда жүргізушілерді дайындауға тиіс ұйымдар өте көп.

"Олардың деңгейі шын мәнінде ең төменгі талаптарға да сай келмейді – қажетті базасы жоқ, оқытушылардың білігі жеткіліксіз. Ашық айтқанда – тек адамның оқығаны туралы белгі қойып береді де, бітті", - деді ол.

Оның айтуынша, жағдайды өзгерту жұмыстары басталды. Ең әуелі электрон есепке алу енгізілді.

"Сіз автокөлік мектебіне келгенде, біз сізді бүгіннен бастап сонда оқуды бастадыңыз деп тіркейміз. Бұрын кейбіреулер жай ғана кейінгі күнмен жазып қоятын, оқыды деп, сосын емтихан тапсыруға баратын. Біз осыдан бастадық және тәртіп орнатқымыз келеді, яғни шынымен оқытуға міндетті мектептер толыққанды оқытсын. Осы мақсатта мемлекеттік бақылауды қайта енгізуді көздеп отырмыз", - деп түсіндірді вице-министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жүргізуші куәлігін алу емтиханын тапсыруға берілетін талпыныс саны шектелді.

"Емтиханның өз барысын әзірше өзгертуді талқылап жатқан жоқпыз – ол қазірдің өзінде айтарлықтай күрделі. Егер бәрін толық көлемде оқып, дайындалса, сол жеткілікті. Сонымен қатар, біз өзіндік дайындықты да алып тастадық, себебі ол профанацияға айналған", - деді Игорь Лепеха.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты