Ғалымдар ит асырайтын адамдарды ондаған жыл бойы зерттеп, күтпеген қорытындыға келді

Сурет: pexels
Ғалымдар ондаған жыл бойы иттердің адамның мазасыздық пен депрессиямен күресуіне қалай көмектесетінін зерттеп келеді – нәтижелері шынымен әсерлі. Үй жануарын асырау "бақыт гормондарының" (серотонин мен окситоциннің) деңгейін арттырып, стресс гормоны кортизолды төмендететіні анықталды.

Дәрісіз көмек

Мысалы, депрессияға түскен адам көбіне тұйықталып қалады. Ал ит бұл тұйық шеңберден шығуға мәжбүр етеді: итпен серуендеу керек, қимылдау керек, көршілермен амандасу керек. Итпен небәрі 15 минут ойнаудың әсері — спортпен айналысқанмен бірдей: дофамин бөлініп, көңіл-күй көтеріледі, мазасыздық азаяды.

Тағы бір қызық дерек: 1980 - жылдары америкалық дәрігерлер инфаркт алған науқастардың ит асыраса, тезірек сауығатынын байқаған. Содан бері иттерді оңалту бағдарламаларына жиі қосатын болған.

Иттер адамның эмоциясын қалай сезеді және мазасыздықты қалай азайтады?

Көптеген зерттеулер иттердің иесінің көңіл-күйін сезетінін дәлелдеген:

Әртүрлі шолулардың нәтижесі бойынша, ит ұстаушылар психологқа сирек жүгінеді.

Hi-News.ru сайтының жазуынша, ит иесін сырт келбетіне, табысына не көңіл-күйіне қарамастан шын жүректен жақсы көреді. Бір қызығы адамның да  үй жануарына деген махаббаты өлшеусіз. 

Сол себепті де нәтижелер таңғалдырады:

Бұған дейін "Тиін терапиясы" деген не екенін жазғанбыз. Сілтеме арқылы оқи аласыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі