Қазақстанда стоматологияларға лицензия беруді қайта қарау жоспарланып отыр

Сурет: pexels
2025 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерболат Оспанов Мәжіліс кулуарында зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер зейнетақы жинақтарының артылған бөлігін стоматологиялық қызметтерге пайдалануға тыйым салу қаншалықты әділ екенін сұрады.

"Түсініксіз компаниялар арқылы 247 млрд теңге шығарылғанын ескерсек, мен мұны дұрыс шешім деп санаймын. Бұл тек бүгінге дейін анықталған сома екенін айта кеткен жөн. Осы процеске қатысы бар барлық тараптарға қатысты тергеу жүргізілуде, содан кейін тиісті шешім қабылданады. Қазіргі уақытта бұл қызмет түрі жабылатын бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылған", – деді Ерболат Оспанов.

Сондай-ақ ол стоматологияларға лицензия беру мен бақылау механизмін қайта қарау жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Біз лицензия берілгеннен кейінгі бақылау мәселесін көтеретін боламыз. Қазір лицензиялар іс жүзінде өмір бойы беріледі, оларды тек сот шешімімен ғана кері қайтаруға болады. Егер қандай да бір сәйкессіздік болса – мейлі жаңа, мейлі ескі стоматология болсын – мемлекет тарапынан шаралар қабылданатын болады", – деп қосты вице-министр.

Бұған дейін қазақстандықтар қашаннан бастап тіс емдеуге зейнетақы қаражатын қайта пайдалана алатындығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз